Қазақстанның үздік тауары: Алматыда өңірлік көрме-байқауы өтеді

27.07.2022

Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.

29, 30, 31 шілдеде Алматы қаласы бойынша «Қазақстанның үздік тауары» өңірлік көрме-байқауы өтеді.

Қатысуға 100-ге жуық алматылық компания өтінім берді.

Өңірлік көрме-байқау үш номинация бойынша өтеді:

  •  «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар»;
  •  «Халыққа арналған үздік тауарлар»;
  •  «Үздік азық-түлік тауарлары».

Әр номинацияда үш жеңімпаз анықталады. Шара Алматы қаласының басшылығының қатысуымен өтеді.

Өңірлік іріктеу жеңімпаздары Қазақстан Республикасы Президентінің қатысуымен өтетін республикалық байқауға қатысады.

Көрме-байқаудың қонақтарын концерттік бағдарлама мен бағалы сыйлықтардың ұтыс ойыны күтеді.

 

 

 

Дереккөз: Almaty.tv.